Mercedes E автокөлігін iPhone арқылы басқаруға болады

Mercedes E автокөлігін iPhone арқылы басқаруға болады

Жаңартылған Mercedes-Benz автокөлігінің қожайыны енді Apple Siri арқылы көлікті басқара алатын болады. Бұл туралы Лас-Вегаста өтіп жатқан технологиялардың жәрмеңкесінде белгілі болды. 

Apple Siri бағдарламасы Drive Kit Plus пакеті бар Command Online мультимедиялық қосымшасы орнатылған автокөліктерде ғана болады. Автокөлікке дыбыс арқылы тапсырма беру үшін міндетті түрде USB сымы арқылы Digital Drivestyle қосымшасы бар iPhone орнату керек. 

Содан кейін жүргізуші - музыка тыңдау, SMS немесе E-Mail хаттарды оқу, әлеуметтік желілерге қосылу және бағытты анықтау секілді тапсырмаларды дауыспен орындай алады.  

Drive Kit Plus бағдарламасы iPhone тұтынушылары үшін 2013 жылдың көктеміне дейін дайын болады. Бүгінгі таңда мұндай құрылғыны Mercedes автокөлігінен басқа BMW, GM, Jaguar, Land Rover, Audi, Toyota, Honda және Chrysler компаниялары да жаңа технологияны пайдаланғысы келетіндігін айтқан. 

Айта кетейік, Mercedes-Benz E автокөлігінің ресми тұсаукесері келер аптада АҚШ-тың Детройт штатында өтетін болады. 

 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: auto.ru 

Ю. НИКУЛЛИН