- Негізгі бет
- Шолу
- Массагеттегі "Сұрақ-жауап" айдары...
Массагеттегі "Сұрақ-жауап" айдары қалай жұмыс жасайды?
Сайтымыздың жақында ғана ашылған "Сұрақ-жауап" бөлімі аз уақыт ішінде оқырмандардың үдесінен шығып, ықыласына бөленді. Бұл бөлімді іске қосқан Массагет ұжымы сайт оқырмандарының танымдық бағыттағы және қарапайым сұрақтарға жауап алмасып, жақын байланыс орнатуына жағдай жасауды мақсат тұтқан еді. Яғни, оқырмандарымызды жаңа бөліммен қуанта отырып, оларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап табуға көмектесу болатын.
Бүгінде "Сұрақ-жауап" бөлімінде 20 тақырыптық айдар бойынша қалаған сұрағыңызға жауап ала аласыз. Оған қоса, өзге қолданушылардың да сұрақтарына жауап беруге болады. Дегенмен, "жаңаның аты – жаңа". Көз көріп, қол үйренгенше тіл табысып кету де оңай емес. Сондықтан, сайтымыздың жаңа бөлімімен таныстыра отырып, сұрақ қойып, жауап жазудың жолын көрсетуді жөн санадық.
Қалың көпшілікке сұрақты қалай қоямыз?
Ол үшін ең бірінші басқы беттің жоғарғы жағында "Сұрақ-жауап" айдарына кіресіз.
Одан әрі мынадай жаңа бет ашылады. Осында "СҰРАҚ ҚОЮ" батырмасын бассасыз.
Мұнда жаңадан терезе ашылып, терезеде көзге көрінер-көрінбестей "Сұрақтың текстін енгізіңіз" деп тұрады. Не сұрағыңыз келеді? Мысалы, "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаңызды бұзып кетті делік. Бірақ сіз қалай қалпына келтіруді білмейсіз.
Ендеше, Массагет оқырмандарынан сұрап көрейік. Бірінші сұрағымызды жазамыз. ("Достар, вконтакте аккаунтымды взлом етті. Не істесе болады?"). Егер айдар таңдамасаңыз, сұрағыңыз жіберілмейді. Сондықтан, екінші, айдар таңдаймыз (Техно). Осыдан кейін барып, үшінші сұрақ қою батырмасын басамыз.
Міне, сұрағымыз жарияланды. Енді бірер сағаттан кейін кіріп, кімнің не дегенін көреміз. Осымен, сұрақ қоюды үйрендік.
Енді қызықты сұрақтарға қалай жауап береміз? Соны қарап көрейік. Қайтадан "Сұрақ-жауап" бөлімінің басқы бетіне өтіп, қойылған сұрақтарға көз жүгіртейік.
Көптеген сұрақтың ішінен біреуінің жауабын білсеңіз немесе сол сұрақ сізді қызықтырса, қалай жауап береміз? Мысалы, Бекзат Жәдігерұлының: "Болашақта балаларыңызға қандай есімдер қояр едіңіздер?" деген сұрағы қызықтырса, дәл мәтіннің үстінен басасыз.
Сонда мынадай жаңа бет ашылады. Алдымен "Сұраққа жауап беру" батырмасын бассаңыз,
"Жауапты" енгізіңіз деген терезе ашылады. Осы терезеге бірінші жақсылап жауабыңызды жазасыз.
Жариялау үшін (екінші) астыңғы жағындағы "Сұраққа жауап беру" батырмасын басамыз. Міне, жауабымыз жарияланды.
Егер осы сұрақ сізге ұнаса немесе болашақта жауап берген сұрақтарыңызды жинап қойғыңыз келсе, "Таңдаулыға қосу" батырмасын басасыз. Әркімнің таңдаулы сұрақтары тек өзіне ғана көрінеді. Ары қарай сұрақтарды "Танымал айдарлардан" өзіңізге жақын айдар бойынша оқысаңыз болады.
Жауап жазуды да үйрендік. Енді жаңа бірер минут бұрын қойған сұрағымызға біреу-міреу жауап жазып па екен, оны көрейік.
Мақпал ханым жауап беріп қана қоймай жолын да көрсетіп жіберіпті. Біз де өз кезегімізде алғысымыз білдірейік.
Өзіңіз жариялаған барлық сұрақты «Менің сұрақтарым» атты бөлімнен таба аласыз.
Оған қоса, модульде «Танымал айдарлар», «Үздік сұрақтар» және «Үздіктер» атты бөлімдер ашылған. «Танымал айдарларда» тақырыптық сұрақтар топтастырылған. Ал «Үздік сұрақтар» бөліміне жауап саны көп сұрақтар «ілінеді». Мысалы, бұл аптада Әділет Өзбекбаев есімді оқырманымыздың қойған сұрағы үздік деп танылыпты.
«Сұрақ-жауап» бөлімінде белсенділік танытып, атсалысқан оқырмандар «Үздіктер» қатарынан табылатын болады. Үздік сұрақ иегері Әділет мұнда да топ жарыпты. 104 жауап жазып "үздіктер" қатарында көш бастап тұр. Бөріхан Атаханов екінші орында тұрса, Толғанай Мұқашева үшінші орынды қанағат тұтыпты.
Ал сіз қанша жауап жаздыңыз, құрметті оқырман?!
Е. Жұмабайұлы