Марсты зерттеуге тағы бір талпыныс жасалды

Марсты зерттеуге тағы бір талпыныс жасалды

NASA мамандары құрамында Қызыл ғаламшарды зерттеуге арналған Maven зонты бар Atlas V ракетасын Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан сәтті ұшырды.  

1

2

Арада 53 минут өткеннен соң Maven ракетасынан ғарышқа ұшырып шығару тетіктері ажыратылды. Ендігі кезекте зонд күн сәулелерінен қуат алатын панельдерін ашып, Марсқа аттануы тиіс. Аппарат діттеген жеріне жеткенен соң, осыған дейін қызмет атқарып келе жатқан Curiosity Марс кезбесінің ізін жалғастырып, ғаламшар бетін тыңғылықты зерттемек. Зонд Марс бетіне тек араға 10 ай салып, 2014 жылдың қыркүйек айына қарай жетеді деп күтілуде. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: nasa.gov

Б. Қосмағамбет