Марсонавттарға қосымша радиациялық қорғаныс керек

Марсонавттарға қосымша радиациялық қорғаныс керек

Curiosity марсоходының зерттеуі бойынша, Қызыл планета бетіне болашақта аттанатын ғарышкерлерге қосымша радиациядан сақтану үшін қорғаныс киімі керек екені мәлім болды.  

Сонымен ғарыштағы адамға екі түрлі сәулелену қауіп бар: галактикалық ғарыштық сәуле (GCR) және күн ғарыштық сәулелену (SEP). Марсоходта орналасқан RAD құралының көмегімен жасалған зерттеулер нәтижесінде Марс бетіне аттанған марсонавттар экспедиция кезінде күніне GCR сәулесінен 1,8 миллизиверт алатыны белгілі болды. Ал SEP сәулесі болса аппарат жұмысы күннің тыныш кезіне тап болғандықтан онша көп емес болып шықты. 

Қазіргі ғарыштық аппараттар галактикалық ғарыштық сәулесіне қарағанда, күн ғарыштық сәуленуге қарсы қорғаныс жүйеcімен жақсы жабдықталған. Сонымен Марс бетіне аттанған адамдарға күн ғарыштық сәулесінен сақтану үшін кеме бортындағы бөлмеге немесе Марс бетінде орналасуы мүмкін арнайы жасырынатын жерге отыруға тура келеді. 

Алайда, жоғары энергетикалық галактикалық ғарыштық сәуледен жаңа заманғы ғарыш кемелерінің өзі сақтандыра алмайды. Сондықтан ғалымдарға болашақ ғарыш сапарларына аттанар алдында зиянды сәуледен қорғаныс үшін жаңа ізденістер қажет етіледі. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет