- Негізгі бет
- Шолу
- Малайзия студенті авиаорындық...
Малайзия студенті авиаорындық жасап шықты
Құрастырушылар экономкласс бизнескласстан кем болмайды дейді. Әрбір орындықта фильм көруге арналған экран болады. Ал басына қоятын жастық нейлон торынан жасалады. Ал бұл әдіс ұйықтауға ең пайдалы болып шықты.
Daily Mail-дың жазуынша, малайзиялық студент құрған AirGo орындықтар компаниясы эргономиялық кресло жасаумен айналысады. Компания Джеймс Дайсонның жобалауымен және инженерлік жабдықтауымен жасалған орындық үшін халықаралық сыйлықпен де марапатталып үлгерді.
Әрбір жолаушыға арналған қобдишасын қосқанда жаңа авиаорындық 16 пайыздық көлемге үлкен екен.
AirGo компаниясының құрастырушысы «Қазіргі авиаорындықтардың бір ғана пайдасы бар, ол – орындықтың арқа бөлігі шалқаятынында. Ал егер алдыңыздағы адам жататын болса, сіз отырып тамақ іше алмайсыз немесе алдыңыздағы орындықтағы экранды көре алмайсыз» дейді. Авиаорындықтың жаңа моделін жасаушылар барлық факторды ойлаған. Және жоғарыда айтылған «әттең-айлардың» барлығы да ретіне келген.
Аспанда егер желі жұмыс істейтін болса, жолаушылар интернетті де пайдаланып, жақын адамдарына телефон да соға алатын болған.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: ridus.ru
А. Құлтай