- Негізгі бет
- Шолу
- "Макбуктың" иісі қандай?...
"Макбуктың" иісі қандай?
«Air Aroma» атты эксклюзивті иіс су шығаратын компания өнертапқыштарының «Eau de MacBook» атты парфюмерлік өнімі сізді "макбуктың" хош иісіне бөлейді.
Енді сіз көзіңізді жұмып, хош иіспен демала отырып, өзіңізді "макбук" иесі ретінде сезіне аласыз. Иә, «Apple» компаниясының өніміне қол жеткізу шынымен де оңай емес. Бірақ бұл иіс судың көмегімен, бұл мүмкін болды.
Құрамында қатты картонның, пернетақтаға жазылған сия мен алюминийдің иісі бар иіс суды жасау үшін «Air Aroma» компаниясының мамандары күні-түні еңбектенсе керек. Бұндай ірі жобаны австралиялық суретшілер Гэвин Белл, Жарра де Кюиже мен Саймон МакГлинн өздерінің “De Facto Standard” атты экспозициясына арнап арнайы жасатқан болатын. Олардың суреттер топтамасында сандық технологиялардағы үлкен дағдарыс суреттелген.
"Бізге тапсырыс берген адамдардың иіс сулары қарапайым өнімдерден ерекшеленетіндіктен, біз желім, қатты қағаз, пластмасса мен резина ароматизаторларына тапсырыс бергенбіз. Оларды керекті мөлшерде араластырып, жаңа ғана сатып алған "макбуктың" иісі шығатындай әсерге қол жеткіздік. «Apple» өнімдерінің жанкүйерлері міндетті түрде бұл иісті тану керек. Бұған қоса, өндірушілердің айтуы бойынша, «Eau de MacBook» атты иіс су тек көрме үшін ғана дайындалған. Сондықтан, сатылымға шықпайды.
Сурет: wowfacts.net