Біреулер автономды автомобильдер жасап жатқан босла, басқа бірлеулер өзін-өзі басқара алатын танкілер мен пойыздар шығарумен айналысады. Ал алдағы он жыл барысында Лондон метросы толығымен автоматтандырылатын болады.
Әлемдегі ең алғашқы салынған жер асты жолы болып табылатын Лондон метросында 50 жаңа бағыт жаңартылатын болады. Оның ішінде жүйелі салқындату аппараттары мен үлкейтілген есіктері болады. Ең бастысы метроның әрбір жаңа бағыты автоматтандырылатын, яғни ешқандай машинистің көмегі керек болмайтын болады. Сонымен қатар, метро алдына айнамен шектеулер орнатылады. Бұл жолаушылардың метроның жолына құлап кетпеулерін қамтамасыз ететін болады.
Төмендегі видео Лондонның болашақта жаңаша кейіпке енетін метрополитенін көрсетеді. Әрбір жолаушыларға қолайлылықты қамтамасыз ететін барлық жағдай жасалынатын болады. Тіпті қажет ақпаратты бере алатын видеоэкрандар жұмыс істейтін болады.
Дегенмен, жобаланып отырған жаңа пойыздар жуырда қолданысқа берілмейді. Transport for London транспорттық компаниясы аталған ауқымды жобаны 2022 жылдың соңына қарай іске қосуды жоспарлап отыр. Жер асты транспорты өте жауапты құрылысты талап ететіндіктен, алдағы сегіз жылда метрополитеннің тек бірнеше ғана бағыты жоспарлы жаңартылатын болады. Айта кетсек, Piccadilly бағыты – 100, Central – 100, Bakerloo – 40 және Waterloo мен City бағыттары – 10 пойызбен қамтамасыз етілмек.
Алғашқы сынау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әрбір пойызда бір машинист болатын болады. Дегенмен, белгілі бір уақытқа ғана. Ал қалалық метроның жаңартылған нұсқасына дизайн берген Priestmangoode компаниясы болып табылады.
Ғаламтордағы ақпараттарға сүйенетін болсақ, жаңа пойыздарды құрастыруға Alstom, Siemens, Hitachi, CAF және Bombardier деген компаниялардың бірі ие болады. Айта кетсек, магнитті тіректе қозғалатын пойыздар осы жылы Жапонияда сынақтан өткізілген.
Сурет: www.independent.co.uk