LG OPTIMUS G PRO — корей компаниясының ең қуатты смартфоны

LG OPTIMUS G PRO — корей компаниясының ең қуатты смартфоны

Жапонияда қазіргі кездегі ең қуатты смартфондардың бірі LG компаниясының өнімі LG OPTIMUS G PRO таныстырылды. Ол Full HD дисплейімен жабдықталған. Дисплей диагоналі 5 дюйм. 

Ол сондай-ақ төрт ядролы жиілігі 1,7 ГГц болатын Qualcomm Snapdragon S4 Pro процессорымен жабдықталған. Ал аккумулятор сыйымдылығы 3000 мА/сағ.

Сонымен бірге, 2 ГБ оперативті және 32 ГБ пайдалану жады бар. Смартфонға 13 мегапиксельді камера орнатылған. microSD картасын оқу мүмкіндігі бар. Ал операциондық жүйесі ретінде Android 4.1 Jelly Bean орнатылған. 

Смартфон әлемдік нарыққа осы жылдың ортасында жол тартпақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgets.ndtv.com

Б. Қосмағамбет