Lexus бамбуктен ховерборд құрастырды

Lexus бамбуктен ховерборд құрастырды
Фото: hi-tech.mail.ru

Премиум-кластағы автомобиль шығарумен айналысатын Lexus концерні толыққанды тұтынуға болатын ховерборд жасады. Құрылғы жерден бірнеше сантиметр биікте қалқып тұра алады. Мұны YouTube видеохостингінде жарияланған ресми ролик растайды.

Айта кетейік, Slide атауына ие ховерборд «Болашаққа қайтып» фильмінің екінші бөліміндегі технологияның шынайы көрінісі. Сұйық азотпен қамданған жылдам өткізгіштер бамбуктен жасалған ховербордтың негізі болып отыр.

Техникалық мүмкіндігіне тоқтала кетсек, Lexus ховерборды тек металл жабдықтың үстінде ғана жұмыс істейді. Сондықтан жапондар ұсынған инновациялық өнім әзірге дәстүрлі скейтбордтардың орнын баса алмайды.

Lexus компаниясының ресми өкілдері Slide жобасының 18 ай бойы дамытылғанын айтады. Бұл жобаға компанияның Германия және Ұлыбританиядағы инженерлері қатысуда. Әзірге құрылғының мүмкіндігін толық тани алмағанымызбен, оның дизайны мен істеу принцибі бар.

Бүгінде Slide Испанияның Барселона қаласында сынақтан өткізіліп жатыр. Оның барысын төмендегі видеодан көре аласыздар.

Технологияны соңына дейін дамыту үшін магниттің көмегімен левитация құбылысын жүзеге асыру керек болады. Техникалық құрылғы өзінің толық фукнционалдық мүмкіндігін таныта қоймағанның өзінде де, жан-жақты талқыға салынуда. 

Ж. Өрісбай