Land Rover Defender электрлік көлігі

Land Rover Defender электрлік көлігі

Осы жылдың басында британдық Land Rover көлік компаниясы өзінің Defender үлгісін электрлендіруге кірісетіндігін хабарлаған болатын.

Өткен айда толығымен электрлендірілген Land Rover Defender көлігі «Эдем» жобасы аясында сынақтардан өте бастапты. Англиядағы Корнуолл графтығына қарасты ботаникалық бақта сындарға салған.

Компания инженерлері электрлік таукезбенің (внедорожник) динамикалық тежеуіне бірқатар жаңалық қосыпты. Land Rover мамандарының сөзіне сенсек, Hill Descent Control жүйесі қосылып тұрған жағдайда көлік өз кинеткалық энергиясын 80 пайызға дейін қалыпқа келтіре алатын көрінеді. Қазіргі таңда автомобильдің литий-ионды батарейін қуаттауға 10 сағат кетеді екен. Және қуаттаудың тиімді технологиясы қолданылып жатқан жағдайда 4 сағатқа қысқармақ.

Соған қарамастан, аталған көліктің ұзақ жүріске шыдас бермесі анықталған. Сегіз сағатқа жететін қуат күші және төменгі жылдамдық уақыт өте келе жақсартылмақ сыңайлы. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: nnm.me

Л. Лига