- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында ірі...
Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды
Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
13 маусымда "Қарасора-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан шығысқа қарай шамамен 9 шақырым жерде Қызыл шұқыр жер учаскесіндегі қалың шеңгел арасынан ірі есірткі алқабы анықталған.
"Қызылорда облысының тұрғыны заң бойынша тыйым салынған сора өсімдігін егіп, күтіп баптап өсірген. Оқиға орнына тексеру жүргізу барысында жалпы саны 1 149 түп сора өсімдігі анықталып, олардан үлгі ретінде 16 сора өсімдігі алынды. Ал қалған 1 133 түп өртеліп жойылды", - делінген хабарламада.
Одан бөлек күдіктіге тінту жүргізу барысында газет қиындысына оралған есірткі заты алынған.
Күдікті Жалағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі 3-тармағы ("Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру") бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Д. Шәріпхан