Қызықты қосымшалар: PDF оқуға арналған Adobe Reader (Android үшін)

Қызықты қосымшалар: PDF оқуға арналған Adobe Reader (Android үшін)

Қызықты қосымшалар сериясы материалдарындағы бүгінгі жазбамыз Android операциондық жүйесінде жұмыс жасайтын Adobe Reader қосымшасына арналады. Adobe Reader – бүгінгі таңдағы PDF форматына жазылған файлдарды оқи алатын ең үздік бағдарлама саналады. Бұл бағдарламада қолданушыға ыңғайлы навигация мен жұмысқа арналған құрал-саймандардың бірнеше түрі ұсынылған.

Планшеттегі ландшафты режимде отырып сіз қатарынан 2 бетті қарай аласыз. Бағдарламадағы «белгілеу функциясы» арқылы файлдың белгілі бір жеріне ғана пікір қалдыра аласыз. Сондай-ақ қосымшада жылдам қалауды (закладка) қосу мүмкіндігі де қарастырылған.

1

2

3

Ал Acrobat.com қызметі қолданушыға бұлтты қоймада ақпарат сақтауға жағдай жасайды.

Adobe ExportPDF онлайн жүйесі арқылы PDF форматындағы файлды doc,docx,xlsx түрлеріне айналдыра аласыз. Алайда оның ақылы екендігін айта кетейік.

Аталған қосымшаны жүктеп алу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз:  

1

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: get.adobe.com

Б. Қосмағамбет