Қыздарға қандай көлік ұнайды?

Қазіргі кезде жастар арасында, әсіресе қыздар арасында көлік жүргізу көп кездеседі. Қыздар көлік таңдаған кезде қандай жағдайларға мән береді? Сәнге қарай ма әлде сапаға ма?

Көптеген қыздардың ойлауынша, көліктің техникалық сипаттамасына қарағанда сыртқы түрі маңызды. Қыздардың көңілінен шығатын көлік құралдары ретінде  Lexus, Audi, Mazda, Nissan, Volkswagen сияқты көлік маркаларын атауға болады. Үлкен көліктер қыздардың санаулы ғана бөлігіне ұнайды. Себебі ондай көліктер, қыздардың ойынша, өте өтімді көрінеді, сондықтан кәсіпкер адамдарға көбірек жарасады. Үлкен көліктерді агрессивті деп санайтын қыздар да аз емес. Сол себепті Hammer көлігі қыздардың көңілінен шықпайды. Біздің елде көп кездесе бермейтіндігіне қарамастан, қыздар арасында ең көп қызығушылық тудыратын көліктер спорттық көліктер болып саналады. 

Көлік таңдауда қыздар көңіл бөлетін тағы бір мәселе - көліктің түсі. Қызыл, қара және ақ түсті көліктер көп сұранысқа ие. Сонымен қатар, көлік өз иесінің болмысын нақты көрсете алатындай және түріне, өндірушісіне, бағасына қарамастан үнемі таза болу керек. Қыздар көлікте музыканың дауысы ақырын шығып тұрғанын ұнатады. Көлікті ойыншықтармен әсемдеп қою да қыздардың ойынан тыс қалған емес.   

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: lalawin.com