- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қытайлықтар электромобильге ауыспақ...
Қытайлықтар электромобильге ауыспақ
SAIC және General Motors компаниялары бірігіп, электромобиль жасап шығарды. Vestifinance сайтының хабарлауынша, көлік тек қытайлықтарға арналған.
Электромобиль 100 км/сағ жылдамдықты 10 секундта ала алады. Электрқозғалтқыштың қуаты - 85 кВт. Бұл шамамен 116 ат күшіне тең. Springo-ның максималды жылдамдығы 130 км/сағ.
Таратылған ақпараттарға сәйкес, модельдің бағасы 41 мың доллардан басталады. Бұл, әрине, арзан баға емес. Бірақ бұл гибридті Chevrolet Volt-пен салыстырғанда екі есе арзан екендігін айта кетелік. Қытай басшыларының көмегінің арқасында ел азаматтары көлікті жеңілдікпен сатып ала алады.
Ел азаматтарына көлікті 10 мың доллар жеңілдікпен сатып алуына болады. Шанхайлықтыр үшін жеңілдік бұдан да үлкен болады. Сатып алушыларға, сонымен қатар, тегін нөмір үлестіріледі. Айта кетелік, аспан асты елінде нөмірлік белгіні тіркеудің өзіне 9-10 мың доллар қажет.
Басшылықтың айтуынша, осынша жеңілдіктер берілген күннің өзінде қатардағы қарапайым адам бұл қаржыны көтере алмайды. Дегенмен GM ел үкіметімен электрокарларды мемлекеттік қызметкерлер мен муниципалдық мекемелерге сататын болып келіскен.
Pike Research мамандарының болжамы бойынша, Қытайда электромобиль нарығы жылдан-жылға дами түспек. Агенттік 2015 жылы нарыққа 500 мыңға жуық көлік шығарылуы мүмкін ден отыр. Таратылған ақпаратқа сенсек, жаңа көлік саудасының бүкіл нарықтағы үлесі қазір 1 пайыз екен.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: automotive-business-review.com, carnewschina.com, autoevolution.com
Massaget