Жақында ғана жеткізу қызметімен айналысатын робот шығарған Жапонияның ізімен Қытай елі технологияға жаңалық алып келді. Алғашқы жүргізушісіз қоғамдық көлік Қытай көшелерінде сынақ жүргізуді бастап кетті.
Бұл трамвайдың вагондарына 380-ге жуық жолаушы сыйып кетеді. Сонымен қатар, қоғамдық электротранспорт сағатына 70 километр жылдамдықпен жүреді. Жалпы сипаттамасына келсек, ұзындығы – 35 метр, ені – 2,6 метр.
Трамвайды интеллектуалды жүйе басқарады. Ол көлікті өздігінен қозғап, жылдамдықты бақылайды, оның дер кезінде тоқтауын қадағалайды. Құрастырушылардың айтуынша, «трамвай миы» деп аталатын бұл жүйе қоғамдық көліктің тиімділігін арттырып қана қоймай, қауіпсіздікті де нығайтады.
Әзірге көшелерді сынақ алаңына айналдырып жүрген трамвайдың саны санаулы.