- Негізгі бет
- Шолу
- Қытай пойызы әлемдік...
Қытай пойызы әлемдік рекорд орнатты
Пекин-Шанхай теміржол магистралын сынау барысында "Гармония" экспрессі сағатына 486,1 километр жылдамдықпен жүріп, әлемдік рекорд жаңартты.
Бұдан бұрынғы әлемдік рекорд сағатына 416,6 километрді құраған. Ол 2010 жылдың қыркүйек айында Шанхай-Ханчжоу теміржол желісінде орын алған еді.
Қазіргі рекорд Пекин және Шанхай аралығындағы жаңа жоғары жылдамдықтағы теміржол магистралында болды.
Қытай теміржол министрлігі мыңдаған жаңа заманға сай локомотивтерге тапсырыс берді. Олар жылдамдығымен, дыбыссыз жүруімен, экологиялық тазалығымен және ыңғайлылығымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде Қытай пойыздары Пекин-Тяньцзинь, Ухань-Гуанчжоу, Чжэнчжоу-Сиань теміржол магистралдарында жол жүру жылдамдығын сағатына 350 километрге жоғарылатуға қабілетті. Аймақта жоғары жылдамдықтағы теміржол желілерін салу құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың ұзындығы 2015 жылы 40 мың километрге жетеді деп жоспарланып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: membrana.ru
Б. Қосмағамбет