Аспанасты елі өздерінің тұңғыш бизнес-ұшағын таныстырды. Primus 150 деп аталған ұшақ Чжухайдағы әуесалонында көпшілік назарына ұсынылды. Бес орынды ұшақ өзінің әуедегі алғашқы сапарын 2013 жылдың қазан айында жасайды деп жоспарланып отыр. Ал FAR (Федералды Авиация Ережелері) сертификатын 2015 жылы алмақ ниетте.
Primus 150 көмірпластик сияқты ең жеңіл деген материалдардан жасалған екен.
Өндіруші компания өкілдерінің сөзінше, Primus 150 бизнес-ұшағы турбовинттілер классы ішіндегі ең жылдамы саналады. Ол жылдамдығын сағатына 652 шақырымға дейін жеткізуге қауқарлы. Ұшу биіктігі - 8530 шақырым болса, ал қашықтығы - 2610 шақырым. Ұшақ қуаты 630 кВт болатын GE H85 қозғалтқышымен жабдықталған.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com