Қырғызстанның ірі блог платформасына шабуыл жасалды

Қырғызстанның ірі блог платформасына шабуыл жасалды

Кеше, 16 маусым күні, ҚырНеттің ірі сайттарының бірі Kloop блог платформасы бұзылды. Хакерлер сайттағы барлық мақалалар мен блогтарды, сонымен қатар, кейбір локальді резервтік көшірмелерді де жойған деп хабарлайды «Новый репортер». Аздап, порталдың тәжік бөлігіне де зиян келген. Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылы Kloop сайтының қазақ және тәжік тілді нұсқалары (Kloop.kz және Kloop.tj) жарық көрген болатын. 

"Әзірше сайтты кім бұзғаны жайлы мәселе біз үшін ең басты емес. Қазір біздің барлық күш-жігеріміз сайтты әдеттегі қалпына келтіруге жұмсалуда. Болған оқиғаға байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз, бірақ болашақта мұндай шабуылдар бізге ешқандай зиян әкелмейді деп ойлаймыз. Енді осындай әрекеттердің алдын алу мақсатында Kloop-та резервтік көшірмелер жүйесін әр апта сайын тестілеуден өткізу жоспарлануда", - дейді Kloop негізін салушылардың бірі Ринат Тухватшин. 

Қазіргі кезде, 2007 жыл мен 2012 жылдың 23 наурызы аралығындағы жаңалықтар мен блогтардың архиві қалпына келтірілген. Ал қалған ақпаратты қалпына келтіру үшін әлі де бір апта уақыт қажет көрінеді. 

Айта кетсек, Kloop - Қырғыстанның ең үлкен блог платформаларының бірі және оған бес мың блог тіркелген. Ол 2007 жылы құрылған. Бүгінде, Орталық Азияның ақпарат порталында 14-25 жас аралығындағы Kloop журналистика мектебінің түлектері қызмет істейді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: newreporter.org

Ж. FM