- Негізгі бет
- Шолу
- Квадрокоптер сәтті қонуды...
Квадрокоптер сәтті қонуды үйренді (видео)
Әрбір технологиялық өнімнің өзіндік күрделі жұмыс істеу принциптері бар. Цюрих қаласындағы Швейцария федералды технологиялық институты автономды роботтар жүйесі зертханасының мамандары екі бірдей роботтың біріге жұмыс істейтін принципін құрастырды.
StarIETH — екі бірдей роботтың біріге жұмыс істеу механизмін көрсететін бағдарламалық жүйе. Жаңа бағдарламалық қамту ит кейпіндегі роботқа орнатылады. Ол дронның ұшу траекториясын бақылап, соның бағытымен қозғалады. Осылай квадрокоптер қозғалыстағы механизмнің үстіне қонуды үйренді.
Құрастырушы инженерлердің айтуынша, StarIETH роботтық жүйесі әртүрлі табиғи апаттар болған жерде құтқару жұмыстарына бағытталмақ. Квадрокоптер жоғарыдан аман қалған адамдарды іздесе, ит кейіпті робот оның бағытымен құтқару жұмыстарын жүргізеді.
Ендеше роботтардың алғашқы сәтті аяқталған сынағын тамашалайық:
Ж. Өрісбай