Құны 1 миллион 200 мың теңге тұратын Volkswagen

Volkswagen компаниясының жетекшісі Мартин Винтеркорн 2015 жылға қарай құны 1 миллион 200 мың теңге тұратын жаңа бюджетті модель құрастырып шығатынын мәлімдеді. Қытайдың өзінде дәл осындай көліктердің 3 миллион данасы сатылмақ екен. 

Бірақ компанияның осындай тым арзан модельді көліктерді өз елінде шығаруға, қаржылық тәуекелге байланысты жүректері дауаламайтын көрінеді. Сондықтан компания бұл жобаны жұмыс күші арзан Қытай еліне сеніп тапсырмақ екен. Әзірге бұл жұмыспен қай қытайлық компания айналысатыны белгісіз күйінде қалып отыр.  

Сондай-ақ, Volkswagen осы бюджетті көлікпен бірге жаңа марканы да жарыққа шығармақ. Оның аты әзірге айтылмай отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mail.ru