Күн көзімен жүретін электроскутер

Күн энергиясын жаңғырту саласының кәсіби мамандары калифорниялық Майк Доннелл мен Тони ВанМитерен табанды төрт жылдық еңбектен соң, күн энергиясымен жұмыс істеуге жарамды “SES” мопедін жасап шығарды.

"Алғашқыда ескі скутерге тізбекті привод арқылы жалғанған 24-вольтты жүйемен жұмыс жасадық, - дейді жобалаушылар, - Бертін келе платформаға күн көзі коллекторлы соққыға қарсыл панелі бар 36-вольтты тікеприводты қозғалтқыштың ауысуын қарастырдық".

Электроскутер теориялық тұрғыда 150 келі салмақта көтеруге қауқарлы, алайда, 130 келімен шектелген дұрыс болмақ.

Қуат көзі бірнеше мүмкіндікке негізделген. Біріншіден, күннен қуатталу: ол үшін скутерді жай ғана тұрақты күн астына қалдырсаңыз болғаны, бір сағат сайын сіздің транспортыңыздың жарты километрге өміршеңдігі артпақ. Сонымен қатар, батарея қарапайым желілермен де қуаттала береді.

Толық қуатқа ие “SES” скутері 30 шақырымды еш қиналыссыз еңсереді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/wj0aSFI0NEg","width":"450","height":"240"});


Сурет:www.mobipower.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек