Қуат көзіне арналған магнит жарыққа шықты

Қуат көзіне арналған магнит жарыққа шықты
Фото: www.gadgetguy.com.au

Технология дамыған сайын түрлі құрылғы адам қолынан құрастырылып жатыр. Бұл – заманның дамуы. Адамдардың жетілуі. Технология әлемінде тағы бір жаңалық. Жалпы смартфонын пайдаланушылар үшін керемет жетістік деуге де болады. Қуат көзіне арналған магнит жарыққа шықты. 


Арнайы қуаттауға арналған магнит смартфоныңыздың қуат көзіне алатын ұяшығына орналасады. Ал қуат көзін беруші USB осыған автоматы түрде жалғанады. Яғни жақын қашықтықта ұстап тұрсаңыз екеуара магнит күші іске қосылып, бір-бірін толықтырады. 

Магнит өзіне USB-ді тарту күші арқылы қуат алына береді. 

Пайдасы:
– USB-ді қайта алып, қайта салу кезінде кететін бұзылып қалу немесе үзіліп қалу жағдайы орын алмайды;

– Асығыс шығып бара жатқан кезде, қуат көзінен шығару үшін сіз кедергіге тап боласыз. Ол әрине жұлынып кетуі мүмкін. Ал магниттік технология бұл жағдайдың да алдын алады.

– Қуат алатын ұяшықтың бұзылып қалуын сақтайды (түрлі заттардың түсіп кетуі).

– Қандай жағдай болмасын ыңғайлы болады. 

М. Ақан