Ханзу елінің дизайнері Дай Юн (Day Yun) құрылыста пайдаланатын цемент пен кірпіштің қосындысынан атақты Мерседес автокөлігінің үлгісін жасап шығарды. "Mercedes-Benz SLK" маркасының көшірмесі бүгінгі таңда көпшіліктің көзайымына айналуда. Аталған туындыны көріп, бағасын берген жандар тың идеяға таңғалуда. Қазіргі уақытта көлік ескерткіші Шанхай қаласының Қызыл қала атты саябағына қойылған. Болашақта аталған сәулет өнеріне "Мерседес" компаниясы оң бағасын берсе, дизайнердің қалтасының қалыңдап қалуы да әбден мүмкін. Себебі Дай Юннің көптеген маркалы темір тұлпардың ішінен дәл осы үлгіні таңдауы бекер емес.