Көзге көрінбейтін дыбыс зорайтқыш (видео)

Қазіргі дыбыстық колонкалар өздерінің шағын ықшам формаларымен ғана емес, әртүрлі қисындағы көлемдерімен де ерекшеленеді. Гарвард оқу ордасының зерттеу тобы дүниеге шыны әйнек тәрізді түссіз колонканы әкеліп отыр. Жас ғалымдар ионды гельден (көзге көрінбейтін) дауыс зорайтқыш жасап шыққан және жаңа өнертабыс жоғары сапалы дыбыс шығарады. 

Қондырғыны жасап шығу үшін топ мүшелері түссіз пленканы пайдаланған, түссіз қапшықтың (клеенканың) екі бетіне өткізгіш теңіз гелін қосыпты. Кернеу гельдің қарсы бетіндегі бөлікке түскенде, дыбыс зорайтқыш тұтас қабаты бүгіліп, жиырма Гц-тен жиырма кГц-ке дейінгі диапазонда дыбыс шығарған. 

Зерттеушілер жаңа өнертабыстың пісіп-жетілуі алдағы уақытта компьютер немесе планшеттерге жаңалық алып келеді деуде. Өнертабыс арқылы жұмыс үстелі үстінде жақсы дыбыс шығаратын, бірақ сол уақытта көп орын алмайтын заманауи қондырғылар дүниеге келмекші.

Өнертабыстың иондар арқылы көрініс табуы биологиялық және жасанды жүйелер арасында ілгері бастама болмақ. Адамзат тарихында басқарумен формасы өзгертілетін көліктер шығып жатса, ғажап емес. 

Төменнен ионды гельден жасалған колонканың шығарған дыбысын ести аласыз. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/5K5KSDL1gXE","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: 24gadget.ru