- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Көрме: Bangkok Motor...
Көрме: Bangkok Motor Show
Бангкокта 34-Халықаралық автосалон ашылып, онда жаңа көліктер назарға ұсынылды. Оның ішінде ең көбі – эконом-көліктер болған.
Жаңа көліктердің ішінде Fun-Vii концепт-карын атап өтуге болады. Toyota өндіретін бұл көлік «жоңғалағы бар смартфон» деп аталып кеткен екен. Көліктің басты ерекшелігі есіктерінің сыртқы бөлігіне қондырылған сенсорлық панельдер.
Компания басшысының сөзіне сенсек, Fun-Vii көлігінің интернетке кіру мүмкіндігі бар. Ол әркезде де бағдарламаларын үнемі жаңартып отырады, тіпті онлайн-дүкендер мен мейрамхана сайттарымен байланыс жасай алады. Сонымен қоса, қаланың қай бөлігінде кептеліс болып жатқанынан да хабардар етеді екен. Көлікті басқару жүйесі де ішкі дисплейлер арқылы жүзеге асады. Сенсорлық басқару арқылы көлікті оталдырып, есік-терезені ашып-жаба аласыз.
Автосалонның тағы бір қызық жаңалығы – Mitsubishi G4. Компания өкілдері бұл автомобильді өзінің классында ең «үнемдегіші» болады дейді. Kia Rio, Hyundai Solaris және Volkswagen Polo автоларына қарағанда, қаңқасының (кузов) жеңіл болуымен және төзімді темірімен үстем болмақ. Қозғалтқыш көлемі 1.2 литр болатын G4 Concept-пен бірге вариатор берілмек.
Bangkok Motor Show Халықаралық автосалоны қонақтар үшін 27 наурыз бен 7 сәуір аралығында ашық болмақ. Халықаралық алып автосалон бірінші рет 1979 жылы өткен болатын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: rambler.ru
А. Құлтай