Көптен күткен Moto X смартфоны таныстырылды

Көптен күткен Moto X смартфоны таныстырылды

Соңғы кезде дейін көпшілікке жұмбақ болып келген Google мен Motorola компанияларының біріккен жобасы  Moto X құрылғысы ресми түрде таныстырылды. Бір қызығы бұл жалғыз ғана смартфон емес, бір бренд астындағы бірнеше гаджеттердің топтамасы болды. Қолданушы оларды сатып алмастан бұрын Google-аккаунтын тіркеп, жұмыс үстеліндегі обоиды таңдап, тіпті сәлемдесуді де өзгерте алады. Тағы да бір күтпеген жаңалық Google ұсынған телефон Android-тың жаңа нұсқасын қолданбайды. Оның орнына телефондағы процесстерді Android 4.2.2 операциондық жүйесі басқаратын болды. Одан бөлек смартфон өзімен бірге бірнеше жаңалықтарды да ала келіпті. Енді солардың әрқайсысына жеке тоқталып өтейік. 

Кеше ғана тұсауы кесілген жаңа смарфон әзірге тек АҚШ нарығындағы қолданушыларға ғана сатылатын болып отыр. Moto X смартфоны 4,7-дюймды мүмкіндігі 1280 x720 нүктелі (318 ррi) AMOLED RGB (Pentile-сіз) дсиплейге ие. Девайстың жүрегі қызметін құрамына 1,7 ГГц жиіліктегі Qualcomm Snapdragon S4 Pro екі ядролы процессоры, Adreno 320 төрт ядролы графикасы және «контекстуалды есептеу процессоры» мен «табиғи тілді процессоры» атауларына ие болған қосымша екі ядро кіретін «Motorola X8 Mobile Computing System» жеке чипі атқаратын болады. Біріншісі смартфондағы датчиктерге, диспейдегі өзгерістерге, сенсорлы панель мен энергия сақтауға жауап берсе, екінші процессор аудиожүйе мен шуды реттеу қызметтерін басқаратын болады. Гаджетте сондай-ақ 2 ГБ операвтивті және microSD картасынсыз 16/32 ГБ тұрақты жадтары бар. 

2

Телефонда екі бірдей камера орналасқан: видеоқоңыраулар үшін 2 Мп және сапалы суреттерді түсіруге арналған Clear Pixel технологиясы бар 10 мегапиксельді негізгі камера. Камера суретті алдымен кәсіби RAW форматында түсіріп, кейін оны стандартты RGB форматына дейін өзгертеді. Негізі бұл камера 4K мүмкіндіктегі суреттерді де жасай алады, бірақ Motorola оны белгісіз себептерге байланысты Full HD сапасына дейін шектеген.

Смартфонда 3G/4G, Wi-Fi a/b/g/n/ac, Bluetooth 4.0, NFC және GPS/ГЛОНАСС модульдеріне де орын қарастырылған. Ал SIM-карта форматы nanoSIM технологиясында жасалынған екен.

Quick Capture Camera қызметі арқасында иесі телефонды бір сілкігеннен-ақ камера іске қосылып, суретке түсіруге толық дайын күйге енеді. Ол үшін экранның кез-келген жеріне саусағыңызды тигізсеңіз болғаны.

Гаджеттің габариттері - 65,3 x 129,3 x 5,6-10,4 мм (қалыңдығы жапқыштың иілгіштігі есебінен өзгеріп тұрады) болса, салмағы – 130 грамм. Аккумулятор сыйымдылығы – 2200 мАсағ құрайды. Сатып алушыларға негізгі екі түстен бөлек (ақ және қара) 18 түрлі түсті жапқыш және 2 түсті фронтальды панель, сондай-ақ 7 түрлі материал ұсынылады (мысалы, оның бірі ағаштан жасалуы мүмкін). Одан бөлек смартфон сатып алған адам оның артына кез-келген жазуды ойып жазуына да болады.  

1

Сонымен құрылғының келісім-шартпен бірге алғандағы бағасы 16 ГБ нұсқасы үшін 200 долларды құраса, ал 32 ГБ жады бар түрі 250 доллар тұрады. Яғни бұл, оның бағасы АҚШ нарығы үшін сатылатын iPhone 5 смартфонымен бірдей деген сөз. Гаджет ең бірінші АҚШ елінде қыркүйек айында сатылымға шықпақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vr-zone.com, itproportal.com

Б. Қосмағамбет