- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Көліктің маңдайша терезесін...
Көліктің маңдайша терезесін күту (жалғасы)
Терезені құрғақ күйінде тазаламаңыз.Сонымен қатар щетканы жиі ауыстырып тұруға кеңес береміз. Ескірген тазалағыштар сықырлаған дыбыс шығарып сізді көлік жүргізудені алаңдататын болады.
Кейбір жүргізушілер қыс мезгілінде тазалағыштың қатып қалмасы үшін щетканы көтеріп қоюға бейім болады. Бұл оның негізіндегі серіппенің серпімділік қасиетінің жоғалуына себеп болады.
Мұз болып қатып қалған щетканы жылытып, жібіткен дұрыс. Тек терезеге ыстық су құймаңыз. Терезе жарылып кетуі мүмкін.
Терезені тек сыртынынан емес, ішінен де арнайы ерітіндімен тазалап жуып тұрған дұрыс. Терезені күңгірттеуге аса бейім болмаған жақсы. Бұл сыртқы көріністі нашарлатып, көлігіңізді сенімді жүргізуге кедергі болады.
Төмендеге видеода мұз болып қатып қалған терезені жылыту туралы қосымша ақпарат алуыңызға болады:
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: avto1.net