Көліктің маңдайша терезесін күту

Көліктің маңдайша терезесін күту

Көліктің маңдай терезесі автоның басты детальдарының бірі. Және бұл терезенің конструкциясы күрделі болатындығын айтып өтелік. Жол бойында кездесетін жаңбыр, қардан бөлек, шаң- тозаң мен тастарға төтеп беру үшін бұған ерекше мән беріледі. Осының себебінен бұл терезеге ерекше баппен қараған дұрыс. Осы жайлы аз-кем сөз.

Алдымен есте ұстау керек нәрсе мынау. Терезені әрдайым таза ұстау керек. Шаң-тозаңға бүккен терезе күн сәулесін сындырады. Соның әсерінен көрініс нашарлайды. Түнгі уақытта қарама-қарсы келе жатқан көліктің жарығының өзі айналаны анық көруімізге кедергі болатыны анық. Шаң-тозаң, әсіресе түнде, көлігіңіз тұрақта тыныш тұрғанда жиналады. Сондықтан таңертең тұлпарыңызды ерттеп мінбестен бұрын маңдайша терезесін тазалап сүртіп, щеткаларда жиналған шаңды да қағып алу керек. Егер бұл іске немқұрайлы қарар болсақ, терезені щеткамен сүрту кезінде түрлі жырық-сырықтар пайда болады.

ыв

Көлігіңіздің терезе жуғышының багіне әрқашан арнайы ерітінді құйып жүріңіз. Қарапайым су шаң-тозаңдарды тазалауға аса икемді емес. Тек ескеретін нәрсе мынау. Мұндай ерітінділерді сатып алмастан бұрын оны иіскеп көрген де артық етпейді. Кейбір қосылыстардың иісі аса жағымсыз болады. Бұл иіс әлбетте көліктің ішіне де оп-оңай кіріп, әсер беріп тұрады.

Жалғасы мына жерде

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: namonitore.ru, volskybiochem.ru