Суретшілер кенеп мата орнына кез келген нәрсенің бетін пайдаланып жатушы еді, Әзірбайжан азаматы көлік сыртындағы шаңды таңдапты. Өзіндік бір талант иесі өзіндегі дарынды кездейсоқ көріп қалғанға ұқсайды. Бұған дейін он жыл көлік тұрағында жұмыс істеп келген...
Әзірбайжандағы халқы ең тығыз орналасқан Баку көшелерінде жұмыс істейтін ол көлік сыртындағы шаңға жабайы құстардың, биік ғимараттардың, пальмалардың суретін түсіреді. Керағар түсініктегі суреттер - бұл шынайы қалалардың кескін-келбеті.
Қошеметпен қарайтын кейбір көлік иелері өзгеше талант иесі Вейизов қызмет қылатын тұраққа көліктерін тазартуға келеді. Ұнап жататын болса, суретке түсіріп алатындар да табылады. Көңілден шығып жататыны болса, қайта келіп салғызып алатындары да бар.
Рафаэль Вейизов шаңды шығармашылыққа айналдырып жүрген жалғыз жан емес. Ол қатарда кір терезелерге сұлу пейзаждарды түсірумен аты шыққан Скотт Уэйд те аталады.
Кейде суретшіге айып тағып жататын кездер болып тұрады екен. Оған себеп, майталман шебер кейбір тұста саусағын қатты батырыңқырап жіберетін көрінеді. Өз кезегінде, мұның өзі де өнердің теңдессі күш-қуаты!
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/OL5hmWqMLoE#t","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: felbert.livejournal.com