- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Көлік кептелісі әкелген...
Көлік кептелісі әкелген қауіптер
Қазіргі бас ауыртар мәселенің бірі – көлік кептелісі. Көлік кептелісінде «көш бастап» тұрған елдер қатарына Қытай, Корея, Америка, Франция, Жапония, Бразилия кіреді екен. Дегенмен Қазақстан қалаларына мұндай апаттың ауылы әлі алыс. Жол үстінде жарты сағат тұруға жүйкесі жұқарып кететін ағайын, мынаны оқыңыз да, сабыр сақтаңыз.
1980 жылы 16 ақпанда Францияда ауа райының бұзылуы салдарынан шаңғы тебуге және саяхаттауға шыққандар үйге қайтуға асықпады. Түнге қарай Париж қаласының жоғары қарқынды тас жолында көлік кептелу оқиғасы туып, жалпы тоқтап қалған көліктердің ұзындығы 175.42 шақырымға жеткен.
2005 жылы 21 қыркүйекте теңіз дауылы келудің алдында 2 милион 500 мың Америка тұрғыны Бостон қаласынан айрылуға мәжбүр болады. Бұл жолы үкімет орналастырған 45-нөмірлі жолда жалпы ұзындығы 160,96 шақырым болған көлік кептелу оқиғасы туылған. Бұл кептеліс екі күнге жалғасып, арнаулы әскерлер көлік иелеріне бензин және азық-түлік тасумен әбігерге түскен.
2009 жылы 10 маусымда Бразилияда болған көлік кептелісі жоғарыдағы сандық мәліметтерді 229.9 шақырымға жеткізіп, дүние «рекордын жаңалаған».
Жапониядағы ең ауыр көлік кептелісі 1990 жылы 12 тамызда тіркелген. Қала тұрғындары «Тайфың» дауылынан паналау үшін шегіну салдарынан осы елдегі ең ірі көлікке қатысты апатты жағдай орын алған.
Ал Қытайда әр жылы 1 қазан (Мемлекет мерекесі) қарсаңында көптеген қалаларда көлік кептелісі туылып отырады екен. Бұл Қытай үкіметінің сол мезгілдегі ең басты өзекті мәселесіне айналатын сияқты. Ал осы мереке қарсаңында жалпы Қытайда орта есеппен 70 мың көлік апаты тіркеледі екен.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: hawar.cn
Қ. Қауымбек