Көлік эволюциясы

Көлік эволюциясы

Адамзат баласы қашанда әлдебір бірегей нәрсені жасап шығуға ұмтылғаны белгілі және сондай бір бірегей деуге тұрарлық заттың бірі автокөліктер. 

Тарихшылар автоөндіру дәуірінің 14 ғасырдан бастау алғанын айтады. Оны жүк пен адамдарды тасымалдауға арналған өзі жүретін механикалық көлік құралының автокөлік деп аталуымен түсіндіруге болады. Ол адам күшінен басқа энергияның көмегімен қозғалуы тиіс. Осы сипаттамаға жел күшімен қозғалатын механизм тура келеді. Оны 1335 жылы итальндық Гвидо да Виджевано құрастырған болатын. Итальяндық конструктор арбаға диірмен орнатқан және механикалық беріліс арқылы диірмен білігінің айналу қуатын арба дөңгелектеріне бағыттаған. Міне осыдан автоөндіру индустриясымен бірге көлік эволюциясы да етек ала бастайды. Назарларыңызға әлемде танымал саналатын көліктердің эволюциясын ұсынамыз. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: idrive.kz, pikabu.ru 

Ж. FM