Жақында жапондықтар қолға киілетін пианино ойлап тапты. Finger Piano деп аталатын гаджетте ойнау үшін сізге тек қатты жазық жер керек болады.
Жазықтықтың үстіне саусақтарыңызбен ұрғыштай отырып, сіз керекті ноталардың дыбысталуын ести аласыз. Бұған қоса, қоңыраудың сыңғырын, мысықтың пырылдаған даусын шығаруға болады. Қол пианиносы LR44 батареясының 3 данасынан қорек алып отырады. Бұндай сиқыр-гаджетті Скотт Гарнер сияқты сіз де жасай аласыз. Бұл үшін сізге Arduino контроллері мен Processing бағдарламау тілінде жазылған қарапайым бұйрықтар тізімі қажет болады. Айтпақшы, осы әдіспен басқа да түрлі аспаптарды жасауға мүмкіндік бар. Олардың ішінде трамбон, кіші және үлкен барабан және тағы басқаларды жасай аласыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/sLgBaZOQ_44?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"335"});
Cуреттер:popmech.ru