Массачусетс технологиялық институының зерттеуішілері "Coca-Cola" және "Bacardi" компанияларымен бірлесе отырып, “Makr Shakr” атты машина жасап шығарды. Жұртшылықтың тапсырысын аулайтын алғашқы интерактивті құлтемір-бармен дүниеге келді.
Үш бірдей көпфункциональды манипулятор-қолдармен сапалы коктейль жасау тапсырмасын сәтті орындап, конвейер жолы арқылы тапсырыс берушінің алдына алып барып береді. Әрине, әзірше бөтелкелерді ойнатуда жарқын ойға бөлей қоймаса да, есесіне өзінің нақты әрі икемді дене қимылы арқылы көпшілік адамды таң-тамаша күйге бөлей алған.
Бұл қалпына қарай отырып, оны қарапайым механикалық құлтемір деуге ауыз бармайды. Өйткені, өзге құлтемірлер секілді оқыс, шалт қимылдар құлтемір-барменге жат нәрсе.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/gdvfDTZcHQM","width":"450","height":"240"});
Сурет:dengi.onliner.by
Дайындаған: Фараби Арыстанбек