- Негізгі бет
- Шолу
- Қоғамдық көліктің келу...
Қоғамдық көліктің келу уақытын есептейтін бағдарлама
Алматы қаласының тұрғыны Дмитрий Джаналиев қоғамдық көліктердің бағыттын біліп отыратын мобильді бағдарламаны құрастырып, оның авторы атанды. Бұл бағдарлама автобустардың, троллейбус пен трамвайлардың келе жатқан бағытын білуге мүмкіндік береді. Осылайша, жолаушы өзіне керекті бағыттағы көліктің аялдамаға келіп жету уақытын санай ала алады.
Джаналиевтің сөзіне сенетін болсақ, бұл жүйе қоғамдық көлікте орнатылған GPS таратқыштардан келіп түскен сигналдардың көмегімен жүзеге асырылады. Ертеректе бұл жүйе тек қалалық диспетчер қызметтеріне ғана қолжетімді болды.
Бағдарламаның базасына қоғамдық көліктердің көбі жүктеліп, олардан келіп түскен сигнал онлайн тәртіпте сарапталып отырады. Таңдалған бағыттағы көліктің аялдамалары көрсетілген схематикалық картадан, оның дәл қазір қай жерде келе жатқанын байқауға болады.
"Алғашында менде мынадай ой болған. Жұмыс күннің аяғында бағдарламаны іске қосып алу арқылы, маған керек көлік аялдамаға жақындай бергенде одан келіп түскен сигнал ұялы телефоныма жететін. Одан хабарлама келгенде, мен жұмыстан шығып, аялдама жетіп алуға үлгеремін. Жұмыстан аялдамаға дейін жүретін уақытты есептеп алып шығамын. Сонда мен автобусыма дер кезінде жетіп ала аламын," - деді Джаналиев өз сөзінде. Программистің сөзіне сенетін болсақ, бұл бағдарламаны ол алғашында өзі үшін жазған болатын, кейін өзінің жеке меншік көлігіне мінгенде, оның қажеті керек емес еді. Бірақ, бұған қарамастан, көптеген қолданушылардың сұранысы бойынша, Джаналиев бұл бағдарламаны құрастырып, жетілдіруді тастамады.
Bus Fuss бағдарламасы Java-ны қолдайтын құрылғылармен жұмыс істейді. Мобильді телефондар .jar файлдар типін оқып, 500 килобайттан жоғары ақпаратпен жұмыс істей алуы қажет. Бұған қоса, ғаламторға шығатын мүмкіндік болу керек. Джаналиев бұл бағдарламаны Android операционды жүйесіне негіздемек ойы бар. Бұған қоса, Джаналиев бұндай жүйенің жақында Теміртау қаласында пайда болуы мүмкін деп отыр.
"Мобильді нұсқасын жазуға көп уақытым кетпеді, жұмыстан бос уақыт кезінде бұл бағдарламаны жазып отырдым. Шамамен бір, бір жарым ай уақытым кетті" - деді өнертапқыш.
Сурет: tengrinews.kz