Бүгінгі біздің әңгімеміз бәрімізге кино туындылардан таныс әйгілі көліктер туралы болмақ. Темір тұлпарлар әртістер секілді киноларда басты, кей жағдайда екінші пландағы рөл ойнауы мүмкін. Дұрыс қой, басты рөлдегі әртістер болады, кино үзінділерден көрініп қалатын адамдар да жоқ емес. Машина жансыз болғанымен, оны жүргізіп отырған адамның арқасында көлікке жан бітіп, кинода оз "мінезін" көрсетеді. Сіздерді бәрімізге кинолардан таныс темір тұлпарлармен таныстырып жіберсек.
Ресейлік Бумер киносының басты желісі Мәскеу облысында өтеді. Бұзақылықты тастамаған 4 жас жігіт кезекі қанды төбелесте байқаусызда қылмыстық топты құрықтауға жіберілген полицей қыметкерлерін өлтіріп, қаладан қашуға мәжбүр болады. Оларға қаладан қашуға "Бумер" көмектескен. Пост кеңестік республикалар халқы"Бумер" деп немістің BMW маркасын атайды. Бұл кино түсірілімдерінде БМВ-ның жетінші үлгісі қолданылған. Мәскеу аулаларының бірінен колды болған "Бумерге" мінген қылмыстық топ бостандықтарынан айырылғысы келмей, Ресейдің алып территориясын кезеді. Түрлі оқиғаларға тап болған төрт жігіт өз мәселелерін "Бумердің" көмегімен шешіп отырған.
Люк Бессонның "Такси" атты киносының төрт бөлімі автосүйер қауымның көңілінен шыққан болар. Киноның басты кейіпкерлері болып Марсель қаласының полицей қыметкері Эмильен мен оның досы Дэниель ойнағанымен, кинодағы басты назар Пежо көлігіне аударылған. Такси жүргіушісі Дэниель өзінің жан досы Эмильенге талай қол ұшын беріп, түрлі тығырықтардан шығарып отырған. Бірақ Дэниельдің көмегі кинодағы Пежо 406 көлігінсіз мүмкін болмас еді. Киноның бірінші бөлімінде түсірілген Пежо 406 1995 жылы зауыт конвейерінен шыққан. Ал "Таксидің" төртінші бөлімінде камералар обьективіне Пежоның 407 үлгісі түскен. Қызықты оқиғалар мен әзілдерге толы кино туындының кезекті бөлімі әлемдік кинопрокатқа шығатын болар деп үміт артып отырмыз.
Аты бүкіл дүниежүзіне танымал Бондиана жайлы ұмытуға бола ма? Әрине, жоқ. Джеймс Бонд туралы киноның үшінші бөлімінде камералардың обьективіне «Goldfinger» көлігі түскен. Бұл шытырман оқиғаларға толы туындыда Aston Martin DB5 машинасы киноның басты рөлін ойнады десе де болады. Түрлі қару жарақтар мен нөмірлері лезде ауыстырылатын барабанмен қамтылған темір тұлпар өзінің иесіне түрлі тығырықты оқиғалардан шығуға көмектесіп, шұғыл істерді Джеймс Бондтың пайдасына шешуге көмектесетін.
Суреттер drive2.ru, avto-vip.com,