- Негізгі бет
- Шолу
- «Kingston» әлемдегі жады...
«Kingston» әлемдегі жады ең көп алғашқы флешканы шығарды
Фото:
vk.com
Танымал «Kingston Technology» компаниясы жады 1 және 2 ТБ болатын флешка шығарды. Құрастырушылар бұл өнімдерін әлемдегі жады ең көп алғашқы флешка санап отыр.
Флешкаға ақпараттың жазылу жылдамдығы әзірге белгісіз. Жылдамдықты арттыратын «USB 3.1» арқылы жұмыс жасайды. Берік болу үшін сыртқы бөлігі мырыш қоспасынан жасалған. Сатылымға 2017 жылдың ақпан айында шығады деп күтілуде.
«Kingston Technology» компаниясы жаңа өнімнің бағасын жариялаған жоқ. Десе де әлемдегі жады ең көп флешка ғана емес, ең қымбат флешка болатынын да жасырған жоқ.
О. Сансызбай