Кеңес Рақышев Лондонда әлемдегі ең қауіпсіз смартфонды таныстырды

Кеңес Рақышев Лондонда әлемдегі ең қауіпсіз смартфонды таныстырды
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев серіктестерімен бірге Лондонда ең қауіпсіз смартфонды таныстырды, - деп хабарлайды Techcrunch.com.

Solarin атты ультразаманауи гаджетті таныстырған Sirin Labs компаниясын Рақышев 2013 жылы McKinsey компаниясының бұрынғы кеңесшісі Тал Кохен және суреттер алмасуға арналған Mobli желісінің негізін қалаушы Моше Хогегпен бірге құрған болатын.

Гаджетті жасаушылардың айтуынша, бұл анти-кибершабуыл жүйесі орнатылған әлемдегі ең қауіпсіз алғашқы смартфон. Телефонның артқы тұсында арнайы тетік бар. Оны басқан кезде телефон автоматты түрде "экран режиміне" өтеді. Яғни смартфон иесі шифрланған номерлерге қоңырау шала алады.

 

Гаджеттің дисплейі - 5,5-дюймді, 2K. Сонымен қатар, телефонның 23,8-мегапиксельді лазерлі камерасы мен Snapdragon 810 процессор, Snapdragon 810, LTE, Wi-Fi және басқа да мүмкіндіктері бар.


Актер Том Харди гаджеттің таныстырылымында.

Wired.co.uk басылымының мәліметінше, Solarin смартфонын белгілі дизайнер Кәрім Рашид жасаған. Смартфон төрт нұсқада таныстырылады.

Айта кетейік, таныстыру шарасына белгілі актерлер Леонардо Ди Каприо мен Том Харди, супермодель Ирина Шейк және басқа да танымал тұлғалар қатысты.

 
Дереккөз: tengrinews.kz

С. Ерсін