- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Келесі жылы зейнетақы...
Келесі жылы зейнетақы мен шәкіртақының мөлшері өседі
Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылы өңірлерді дамытуға 7,4 трлн теңге бөлінетінін айтты. Сонымен қатар келесі жылы зейнетақы мен шәкіртақының мөлшері өседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет отырысында "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы ұсынылды. Құжат бюджет кодексіне сәйкес 2029 жылға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген.
"Бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді. 2025 жылы әлеуметтік салаға 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге ұлғайып, 9,8 трлн теңге бағытталады", - деді Мәди Тәкиев.
Сондай-ақ индекстеуге және әлеуметтік төлемдерді алушылар санын ұлғайтуға қосымша 626 млрд теңге бағытталады. Нәтижесінде, 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңге болады.
"2024 жылмен салыстырғанда гранттар саны 2,5 мыңға ұлғаяды. Нәтижесінде, қосымша орындарды ескерсек, 2025 жылы шамамен 78 мың білім беру гранты бөлінеді.
Сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20 пайызға ұлғайту көзделеді. Нәтижесінде, стипендияның орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін 52 372 теңге, магистратура үшін 117 098 теңге болады, - деді Мәди Тәкиев.
Халық санының өсуі мен науқастар санының ұлғаюын ескеріп, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамту ұлғайтылады.
Сондай-ақ өңірлерді дамытуға да қаржы қарастырылған.
А. Есен"2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты 348 млрд теңгеге ұлғая отырып, 7,4 трлн теңге бөлінеді. Бюджеттің жалпы шығын үлесі – шамамен 30 пайыз", - деді министр.