Корнель университетінің мамандары автоматты түрде кедергілерді айналып өтіп ұшатын роботты ойлап тапты.
Аппарат орманда, тоннельде, сондай-ақ қиранды ғимараттар сияқты өтуі қиын жерлерде еш кедергісіз ұша алады. Жобамен айналысқан зерттеушілер бұл ұшатын роботты болашақта құтқару операциялары кезінде пайдалануға болады деп болжайды. Аппаратты жасау жұмыстары американдық DARPA агенттігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.
Модель қарапайым дүкеннен сатып алуға болатын квадрокоптер негізінде жасалған. Ерекшелігі лазерлі камера арқылы алынған үш өлшемді картинаны талдап, жол көрсететін арнайы жасалған алгоритмінде жатыр.
Аппарат өз басынан 53 сынақты өткізді. 51 сынақты сәтті аяқтаған квадрокоптер екеуінде ғана қатты жел кесірінен жерге құлап түсті. Болашақта мамандар роботты қозғалатын объектілерден, құстардан айналып өтетіндей етіп жасауды жоспарлап отыр.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/07kUYbJgnmo","width":"400","height":"312"});
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: parkflyer.ru