ҚазҰУ тұңғыш отандық наноспутник құрастырмақ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның тұңғыш наноспутнигін жасайтын болды. Бұл туралы университет баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Жобаны жүзеге асыру UNIFORM Project атты Халықаралық концорциум аясында Токио университетімен біріге отырып жүзеге аспақ. Университет баспасөз қызметінде: "Жақын күндері ҚазҰУ-дің бес магистранты Жапонияға аттанады. Олар Токио университетінде наноспутник жасаудан теориялық қана емес, практикалық тәжірибелерін де шыңдайтын болады. Жас ғалымдар Жапонияға сапарында ғарыштық ұшу аппараттарының жобалануы мен құрастыруына дейінгі кезеңдерін игеретін болады" делінген.  

Жалпы қазақстандық наноспутник университет технопаркі базасында екі жыл ішінде құрастырылып, сынақтан өтіп, ғарышқа ұшырылады деп күтілуде.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gizmod.ru