Auto.kz домендік атауы Қазнет үшін рекордты сома болып саналатын - 14 миллион теңгеге (93 мың АҚШ доллары) сатылып кетті, деп хабарлайды Матрица.kz порталы. Оны сатушы Lafa Network компаниясы болса, сатып алушы ретінде "Arenda.kz" ЖШС-ның аты алады.
"Бізде avto.kz сайты бар болатын. Мұндай домендік атаудың тіркелуі auto.kz доменінің бос болмауы себепті мәжбүрлі түрде жасалған еді. Қолданушыларымыз бізді үнемі мынадай сұрақпен "мазалайтын": "auto.kz деп тергенде, неліктен сіздің емес, оның орнына басқа бір (аuto.lafa.kz) сайт ашылады?" Әр адамға жеке-жеке түсіндірудің өзі біршама уақытты алады және ол бізге де қолайсыз жағдай тудыратын еді. Сол себепті біз auto.kz домендік атауын бұрынғы иесі Lafa Network компаниясынан сатып алуға мәжбүр болдық",-дейді "Arenda.kz" ЖШС директоры Марат Азатов.
Сонымен бірге сатып алушы компания аталған домендік атауды өзіне сай бағаға сатып алғандықтарына сенімді. Енді олар қос автокөлік доменіне ие болып отыр: auto.kz және аuto.lafa.kz. Жаңа домендік атау үшін жұмсалған қаражат өзін-өзі енді жаңа жарнама берушілер мен хабарландырулар санының артуы есебінен ақтайды деп күтілуде.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: mashable.com