- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қазақстанға жаңартылған Honda...
Қазақстанға жаңартылған Honda CR-V кроссовері келді
Қазақстандағы ресми дилерлер жаңарған Honda CR-V көлігін сата бастады.
Бұл көліктің жаңартылған төртінші нұсқасы болып саналады. Көліктің әлемдік таныстырылымы өткен жылы болса да, ол Қазақстанда енді ғана сатылымға шығарылып отыр. Алдыңғы түріне қарағанда енді CR-V 30 мм-ге төмен және 5 мм-ге қысқа. Алайда сыртқы көрінісі бұрынғысына қарағанда агрессивті бола түскен.
Кроссовер капотының астында 4 цилиндрлі көлемі 2,4 литр болатын VTEC клапандарды басқару жүйесі бар жаңа заманғы қозғалтқыш орнатылған. Оның максималды қуаты 166 ат күшіне тең, ал айналу моменті минутына 4200 айналым жасағанда 220 Н·м құрайды. Қозғалтқыш 5 сатылы автоматпен бірге жұмыс жасайды. Толық жетек Real Time 4WD интеллектуалды жүйесінің арқасында автоматты түрде қосыла алады. Көліктің максималды жылдамдығы сағатына 190 шақырымды құраса, ал бір орыннан жүз шақырымдық жылдамдыққа дейін 11,3 секундта жетеді.
Қазақстандағы Honda CR-V көлігінің Elegance базалық жинақтамасымен бірге бағасы 6 200 000 теңгені құрайды. Ал Sport жинақтамасымен бірге оны 6 950 000 теңгеге сатып ала аласыз. Ең қымбат Executive түрі 7 330 000 теңге тұрады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: auto.mail.ru
Б. Қосмағамбет