Жақын арада қазақстандықтар тауардың ақысын тек төлем карталары арқылы емес, сонымен қатар, мобильдік телефон, салпыншақ немесе сағат арқылы төлеуге мүмкіндік алады.
Төлем жасау үшін сатып алушы құрылғысына орналастырылған микрочипті терминалға жақындатса болғаны. Бұл PayPass жүйесі арқылы жасалған барлық төлемдер тіркеліп отыратындығын айта кетелік.
4 000 теңгеден артық емес сауда жасаған тұтынушы құжаттарын көрсетпей-ақ ақысын төлей береді.
Осы орайда Master Card компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Геният Исин: "Бұл микрочиптерді жасап шығарумен "Қазкоммерцбанк" АҚ айналысатын болады", - деп сұхбат берді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: newsroom.mastercard.com