Қазақстандық компьютерлердің қорғанысы әлсіз деп танылды

Қазақстандық компьютерлердің қорғанысы әлсіз деп танылды

"Касперский Зертханасы" мамандарының есептеуінше, әлемде 50 миллион компьютер қауіпті бағдарламалардың шабуылына шалдыққан.

Қызметкерлердің зерттеуі тек Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компютерлерге қатысты екендігін айта кетелік. Нәтижесінде антивирустық программалар орнатылғанымен, құрылғылардың 5 пайызы шабуылдан аман қала аламаған. Ал "қорғалмаған" компьютерлердің ішінде бұл мөлшер 13 пайызды құрайды. 

Айта кетелік, қазіргі таңда әлемде 1,5-2 миллиард шамасында дербес компьютер жұмыс істеп тұр. Олардың үштен екісі, үйде немесе кішігірім компанияларда орналасқан. "Ауруға ең кбеларусьөп шалдыққандар" да осы құрылғылар болып табылады.

"Ең көп вирус жұқтырған компьютерлер Ресейде, Украинада, Беларуссияда, Қазақстанда және Түркияда болып шықты. Сонымен қатар, Тайланд, Индонезия, Филиппин, Вьетнам, Үндістан, Египет секілді елдерде де жағдай мәз емес", - деді компания қызметкерлері. Ал бұл тұрғыда ең көп қорғалған құрылғылар Германия, Австрия, Швейцария және Чехияда орналасқан.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: utilitka.com 

Massaget