Қазақстандық компания ерекше катер жасап шығарды

Орал қаласындағы "НИИ "Гидроприбор" АҚ өнеркәсібі қазақстандық әскерилер мен арнайы қызметтегілер қызығушылық танытатындай жоғары жылдамдықтағы тамаша катер жасап шығарды.

Жергілікті басылымдар мұндай катерге ұқсас көлік басқа елде жоқ екендігін жазып жатыр. Өнеркәсіп бас директоры Александр Гнеломедовтың айтуынша, "Сағым" катері жылдам іздестіру кезінде, мысалы браконьерлерді құрықтау, сулы шекараны және теңіз объектісін бақылау үшін жасалған тамаша көлік.

"Сағым" құжатында катер сағатына 110 километр жылдамдықты еңсеретіні, кеменің шөгуі 0,7 метр, жүру қашықтығы 200 мильді құрайтыны келтірілген. Мұндай жылдам катер Каспийдің барлық таяз сулы жерлерінде, қарапайым катер жүріп өте алмайтын нулы қамыстарында жүруге әбден лайық. Катердің құны 200 миллион тенгені (1,3 миллион доллар) құрайды, бұл құн шетелдермен салыстырғанда 2-3 есеге төмен болып отыр.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: megapolis.kz