- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы ең танымал...
Қазақстандағы ең танымал автокөлік
Қазақстан тұрғындары соңғы уақытта құны 20 мың АҚШ доллары болатын отандық автокөліктерге ерекше ықылас танытуда деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәліметтерге сенетін болсақ, Қазақстанда құрастырылған автокөліктердің ішінде ең танымалы - бағасы 8,9 мың доллар тұратын ZAZ Chancе. Айта кетсек, оның өндірісі алғаш рет Қостанай қаласындағы АО "АгромашХолдинг" зауытында 2012 жылдың 16 наурызында басталып, сол жылдың 27 сәуірінде сатылымға түскен еді. Қазіргі кезде сатылғандардың жалпы көлемі 823 автокөлікті құрайды.
Қазақстандықтар ішінде кеңінен таралған келесі автокөлік - құны 18 мың доллларды құрайтын Chevrolet Cruze. Бүгінде мұндай көлік нұсқасының жалпы 146 саны сатылған. Үшінші кезекте - Kia Cerato, оның нарықтағы үлесі 16,2 пайыз. Kia Cerato көлігін Қазақстан елінде 17,5 мың АҚШ долларына иемденуге болады. Тек сәуір айның өзінде мұндай көліктің 133-і сатылған екен. Сонымен қатар, Chevrolet Lacetti (89-ы сатылған), Chevrolet Aveo (76-сы сатылған), Kia Optima (55-і сатылған) және Skoda Octavia (44-і сатылған) көліктері де отандық автоәуесқойларының назарынан тыс қалмады.
Сурет: caredge.ru
Ж. FM