Қазақстанда «Toyota» автокөлігін қайта жинау басталды

Қазақстанда «Toyota» автокөлігін қайта жинау басталды

«Toyota» жапондық концерні Қазақстанда да автокөліктерін жинауды бастады.

Ал ресми түрде бұл мәлімдеме Астана қаласында өтетін конференцияда жасалады. Конференция ҚР билігі мен «ToyotaMotorCorporation» компаниясымен меморандумға қол қоюына және «Toyota. Қазақстанда жасалған» жобасының бастамасына арналған.

Шараға Өндіріс және жаңа технология министрі Әсет Исекешев пен ToyotaMotorCorporation компаниясының жоғары басқарушысы, ToyotaMotorEurope президенті Дидье Леруа қатысады деп күтілуде.   

Жоба туралы толық мәлімет әлі де белгісіз қалып отыр. Бірақ Toyota автокөліктерін құрастыру орталығы Қарағанды маңында соғылуы мүмкін деген сыбыс бар...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: altaynews.kz

А. Құлтай