Қазақстанда отбасы шығынының 46 пайызы тамаққа кетеді

Қазақстанда отбасы шығынының 50 пайызы азық-түлік тауарына, 46 пайызы тамаққа кетеді, - деп хабарлайды finprom.kz

Елдегі отбасы шығыны бір жыл ішінде 17 пайызға, ал кіріс бар болғаны 16 пайызға өскен. Отбасы шығыны бойынша ақшалай кіріс бір жыл ішінде 15,5 пайызға өсіп, биылғы бірінші тоқсанда орта есеппен 777,8 мың теңге болған. Отбасы шығыны өз кезегінде 17 пайызға, 754,6 мың теңгеге дейін өскен.

Отбасы шығынының бір жыл ішіндегі кіріске қатынасы 95,8 пайыздан 97 пайызға дейін өскен. Яғни, 2022 жылғы бірінші тоқсанда отбасы кірісінің 97 пайызы тұтыну шығынына, туыстары мен таныстарына материалдық көмек көрсетуге, алименттерге, сондай-ақ, салық және басқа да төлемдерге бағытталған.

ҚР өңірлері арасында 2022 жылғы бірінші тоқсанда ең жоғары шығын Алматыда (935,9 мың теңге) байқалған, одан кейін Қызылорда (орта есеппен бір үй шаруашылығына 881 мың теңге) және Қарағанды (862,3 мың теңге) облыстары тұр.

Үш өңірде отбасы шығыны кірістен асып түскен: Түркістан (15 пайызға) және Алматы (14,8 пайызға) облыстарында, сондай-ақ, Алматыда (11,2 пайызға).

2022 жылғы бірінші тоқсанда отбасы шығынының ішінде тұтыну шығысы 92 пайызға жуық болған, ол - 693,2 мың теңге. Оның жартысына жуығы немесе 377,4 мың теңгесі азық-түлік тауарына, 182,6 мың теңгесі басқа да тауарға және 133,1 мың теңгесі ақылы қызметтерге кеткен.

Басқа шығындар 25,5 пайызға өскен, бірақ бұл ретте үй шаруашылығына орташа есеппен 61,4 мың теңге ғана кеткен.

Сонымен қатар, отбасы шығынының елеулі бөлігі тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындарға кетеді екен: 349,2 мың теңге, оған қоса жылына 12,9 пайыз. Бұл барлық шығынның 46,3 пайызы және азық-түлік тауарына шығынның 92,5 пайызы болады.