Қазақстанда мүлік иелері бірлестігіне және жай серіктестікке (ЖМ) көшу мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту жоспарланып отыр. Сенаторлар заңнамаға, электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша түзетулер жобасына тиісті өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенатор Ерік Сұлтановтың айтуынша, заң жобасын талқылау барысында депутаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізген:
- жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссиялардың қызметі, құзыреті;
- көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум нысанын басқарудың жаңа түріне көшу мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту;
- Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық-құқықтық нормасын өзгерту;
- "Ұлттық ғылым академиясының академигі" ұғымын бекіту;
- зейнет жасына жеткенде, өмір бойына ай сайынғы стипендияны белгілеу туралы.
Сенаторлар заң жобасын өз ұсыныстарымен Мәжіліске қайтарды.