- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қазақстанда көліктерге техникалық...
Қазақстанда көліктерге техникалық байқауды алып тастауы мүмкін
Қазақстанның жол полициясы жеңіл көліктерге арналған техникалық байқаулардың күшін жоюы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов көліктерге деген техникалық байқаудың алынып тасталуы әбден мүмкін екендігін айтты. Бірақ оның сөзінше, бұл жағдайда ЖКО кезіндегі барлық жауапкершілікті көлік иесі өз мойнына алуына тура келеді. Осындай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бар екен. Бірақ, мұндай шешім қабылданған жағдайда, ол тек жеңіл көліктерге ғана қатысты болмақ. Ал жолаушылар және жүк таситын көліктерге бұрынғысынша техникалық байқау қарастырылмақ.
Осыған дейін елімізде көліктерге техникалық байқауды жеңілдету жағы қаралған болатын. Дәлірек айтсақ, қағазбастылықтан арылып, оны біртұтас ақпараттық жүйеге келтіру жоспарланған еді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: diapazon.kz
Б. Қосмағамбет